Дәуір айналдыру

Дәуір айналдыру (дәстүр). Қайтыс болған адамның жаназасы кезінде жасалатын діни рәсім. Ұғым бойынша өлген адамның кінәсын жеңілдету (арылту) үшін екінші адам жаназа шығарушы молда алдында қайтыс болған адамның о дүниеде күнәдан пәк болуы үшін кепілдік береді. «Дәуір айналдыру» дегеніміз осы. Алайда дін адамдарының бұл жөнінде қарама – қарсы пікірлері де бар. Сондықтан кейбір аймақтарда «дәуір айналдыру» қолданылмайды.