Әулие деп кімді айтады?

Әулиелік Аллаһу Та’алаға жақын болу деген мағынаны білдіреді. Бірақ, Адамдардың Аллаһу Та’алаға жақын болуы екі түрде жүзеге асады. Бірінші жақындық Аллаһу Та’аланың барлық адамдарға жақын болуы. «Каф» сүресінің 16 – аятында: «Біз оған күре тамырынан да жақынбыз» және «Хадид» сүренің 4 – аятында:  «Қай жерде болсаңдар да Аллаһу Та’ала сендермен бірге» деп бұйырылған. Екінші жақындық — Аллаһу Та’аланың адамдардан тек ұлыларына және періштелерге жақындығы. «Алақ» сүренің соңғы аятында «Сәжде ет те, Аллаһу Та’алаға жақында!» деп бұйырылады. Жоғарыда келтірілген қудси хадисте: «Құлым маған нәпіл ғибадаттар жасап соншалықты жақындайды, оны жақсы көремін…» деген. Осы аят пен хадисте білдірілген жақындық тек таңдаулы, жоғары жаратылыстағы ұлы адамдарда туындайды. Бұл жақындық «Уилайат», яғни «әулиелік» деп аталады. Осы жақындыққа қауышу үшін алдымен әһли сүннет сеніміне сай иманға ие болу керек. «Әли Имран» сүресінің 68-аятында: «Аллаһу Та’ала иман келтіргендерді жақсы көреді» деп бұйырылған. Алайда, мүминдердің ішіндегі таңдаулыларын қатты жақсы көреді. Жаратқанның барлық муминді жақсы көруі «уилайат-и амма» (жалпы әулиелік) деп аталады. Таңдаулы муминдерді жақсы көру «уилайат – и хасса» (ерекше әулиелік) деп аталады. Жоғарыда атап өткен қудси хадисте келген сүйіспеншілік- осы. Бұл сүйіспеншіліктің де дәрежелері бар.
Аллаһу Та’аланың құлдарына деген осы екі жақындығы аяти кәрима және хадис шәрифтермен білдірілгендіктен екеуіне сену уажіп болады. Аллаһу Та’аланың бізді көріп тұрғанына сенетініміз сияқты оның бізге деген осы екі жақындығына да сенуіміз керек.
Толық тақуалық тек әулиеде болады. Қызғану, кек сақтау, тәкаппарлық, атаққұмарлық сияқты нәпсінің жаман сипаттары толығымен жойылмайынша толық тақуалыққа қол жеткізуге болмайды. Бұлардың түбегейлі тазаруы үшін нәпсінің фәни (өз табиғи сипаттарынан арынып, өздігін жоғалту) болуы шарт. Аллаһу Та’алаға деген сүйіспеншілік дүниеліктердің бәрінен артық болмайынша кемел иман және тақуалық болмайды.