Шағбан айы

Дініміз қадірлеген қасиетті үш айдың екіншісі шағбан айы бүгін басталады. Алла Тағала шаъбан айын Пайғамбарымызға тән қылған
Хадисте былай делінген:
«Шағбан менің өзіме тән ай. Хақ Таала Ұлы Арштың періштелеріне «Ей менің періштелерім! Көрдіңдер ме? Менің құлдарым сүйіктімнің айына тағзым жасап, құрмет көрсетуде. Құрметім мен ұлылығым үшін мен де құлдарымды кешіремін» деді.
Шаъбан айында ораза тұту туралы хадисте:
«Кімде – кім шаъбанда үш күн ораза тұтса, Хақ Таала жұмақтан оған орын дайындайды».
Барат түні – Шаъбан айының 15 – түні.
Рамазан оразасына дайындалу үшін шаъбан айының 15-інен кейін ораза тұтпау керек, күшті, дәмді тағамдар жеп, денені күшейту керек және осылайша парыздарды орындауға дайындалу керек.
Шаъбан айының соңғы күндерінде көктен жаңа туған айды іздеуде ғибадат болып саналады. өйткені, ораза жаңа айды көрумен басталады.
Шаъбан айы жақсылықтар көбейген, береке түскен, қателіктер тасталған, күнәлар жабылған ай болып табылады. Бұл айда пайғамбарымызға көп салауат айту керек.