Қазақ қызы өз міндетін біледі

«Ел боламын десең, бесігіңді түзе», — дейді М. Әуезов. Отбасы тәлім – тәрбиесіне ел тағдыры, халық болашағы байланысты. Халқымызда «Қызға қырық үйден тыю, қала берсе, қара күңнен тыю» деген мақал бар. Осыдан қыз бала тәрбиесіне тек қана анасы емес, бүкіл ауыл, ру жауапты болып отырғанын білсек керек. Бүгінде Абай, Шоқан сынды даналарды өмірге әкелген отбасы институтын сақтап қала алмай отырғандаймыз. Шындығына келгенде бала тәрбиесі – жаумен арпалысып, елді қорғаумен тең жұмыс. Бала туылғаннан бастап, жеген тамағы, білгені таза болуын қадағалаудың өзі – қиынның қиыны. Ұлжан анамыз Абайды дәретсіз емізбеген. Ұлжан анамыз ғана емес, дәстүр бойынша кез – келген қазақ осылай тәрбие берген.