Зекет

Зекет (діни ғұрып). «Намаз оқыңдар, зекет беріңдер, ғибадат етушілермен бірге бас иіңдер». (Құран кәрім)
     Исламның төртінші шарты-зекет беру. Бұл малынан алған өнімінен құдай, дін жолына, жетім-жесірлерге берілетін үлес.Зекет алтын, күміс қорынан да, ақшалай табысынан да беріледі. Малдан алынатын зекет мөлшері мынадай: 40 қойдан бір, бес түйеден бір түйе, отыз сиырдан бір сиыр, тағы сол сияқты.Жыл сайын зекет беру -әр адамның адамгершілік және мұсылмандық борышы. Бұдан бас тарту, ұмыт қалдыру дін және азаматтық істе де ұят.