Жарапазан

Жарапазан(жарамазан) (салт). «Жарапазан рамазан деген сөзден шыққан, ораза уақытында балалар, бозбалалар түндеүйдің тұсында тұрып жарапазан өлеңін айтады. Ораза ұстаған адамдар сауап болады деп жарапазан айтқандарға құрт, май, ірімшік, бір шаршы шүберек, басқа сол сияқты нәрселер береді. Жарапазанды кәсіп етіп, ораза уақытында ел аралап, күндіз жүріп айтатын үлкен адамдар болады. Жарапазанды екі адам жүріп айтады. Бірі жарапазан айтқанда екіншісі, қостаушысы болады. Мысалы:
 Айтушы: Жарапазан айтушының сауалы бар,
   Отыз күн оразаға жауабы бар.
   Берсеңіз, бермесеңіз не қамым бар,
   Боз шұбар астымдағы, шу жануар!
 Қостаушы: Жарапазан, жарапазан!
   Алла, құдай би жарапазан!
    (А.Байтұрсынов)
 Жарапазанның ел арасында кең тараған нұсқасын және разы болғанда жарапазан айтушының батасымен танысыңыз:
         

Толық оқу…