АТА ЖОЛЫ ЕСКЕРТЕДІ!!!

  1. Діни уағыздарды тыңдай беруді тоқтату керек. Қазір не көп діннің атын жамылып уағыз айтқыштар, пәтуа айтқыш «діншілер» көбейіп кетті. Олар Құдайдан хабар алуды білмейді. Оның орнына өзіңді зертте, тануға әрекет жаса. Тегіңді таны, түбіңді ізде. Бабаларыңда қандай қасиет болған, ол қан, қасиет сенің бойыңда да бар. Тарих қойнауынан бүгінге жеткен бабалар дәстүріне мән бер, философиясын зертте, ізден. Өлім мен өмірдің қадыріне жет. Бабаларыңның Аруағына Алланың алдындағы тағзым ет. Олармен байланысудың, кітаптарына жалғануды меңгер, аянға жалған. Бұның бәрі бүгінгі күнге дейінгі жазылған Ата жолы жазбаларында айтылған. Құранның қазақшасын оқы… Кез келген ізгі амал тазалықтың жоғарғы дәрежесі Тақуалықтан бастау алады. Көрінгенге ілесіп әулие кезуді доғар, зиярат етудің талап –тәртібі сақталмаса ондай жерден жақсыны сұрап барып, жаманды ілім кетуің мүмкін.
  2. Ел билікке қарсы шығуды, оппазициялық бағытта ойлауды, сөз қылуды қысқарту керек. Олар да халықтың бір бөлшегі, халық ортасынан тірбиеленіп шыққан ұл мен қыз! Арандатушылардың сөзіне еріп, көшеге шығып (митинг) халықтың да берекесін алып, өзіңнің де берекеңді қашырудың қажеті шамалы екенін түсін. Оның есесіне Ата-баба аруағыңа бағыштап құрбандық шал, садақа бер. Олардың тылсымда бас көтеруі Ақ қуатқа айналып, елімізде жайлаған Қара қуатты ысыруға жәрдемі болады. Соның арқасында Ел билікте отырған арамза-жемқорларға (олардың отбасына, ұрпағына, өздеріне) сынақ түсіп, ұрлап тыққан дүниелерін халық жолында шашуға алып келеді.
  3. Соңғы кездері желілерде Елбасы – Н. Назарбаевқа ашықтан-ашық өлім тілеушілер көбейіп кетті. Ол өлгенімен қара жер тоя ма?! Басқан қадамың мен айтқан сөзің үшін жауап беретін уақыт бар, сол маңызды, осыны ойла… Өзгеге өлім тілегенше өзіңе өмір тіле, ұрпақ амандығын ойла…

Толық оқу…

Қабанбай батыр зиратының және 32 сарбазының табылуы

2019 жылғы 20-22 маусым аралығында Қабанбай батыр зиратын іздеуге шыққан топ, 22 маусымда кештетіп қол жеткізді. Қабанбай батыр зираты табылды. 10-13 қазан аралығында арнайы керуенмен шығып, Қабанбай батыр ауылында қара малдан құрбандық шалынып, ас беріліп, басына белгі қойылды.

Сонымен қатар, Бабамыздың айналасында (Қабанбай батыр қорымында) жерленген 32 сарбаздың деректері белгілі болды.

Қабанбай батыр бабамыздың зиратының дер кезінде табылуы еліміздегі билік транформациясының оңтайлы өтуіне қолдауын тигізді. Баба аруағының соңына ерген жауынгерлер аруақтары сапқа тұрып, халықтың толқуын басып, арам пиғылдылардың әрекетіне тосқауыл болды, қолдауын салды.

Төменде бейнежазбаларда сапар барысы жайында толық баяндалған.

Қабанбай батыр қорымындағы аруақтар дерегі:

Толық оқу…

Абылай хан баба

Абылай хан баба зиратының және 17 сарбаздың табылуы

Абылай хан бабаҮстіміздегі жылы, яғни 2019 жылдың 17 тамызында Абылай хан бабмыздың зиратының табылғаны тұралы халыққа сүйіншілеген болатынбыз. Және тиісті орындарға хабарлама беріп, олардан арнайы мемлекеттік деңгейде тиісті тарихи, ғылыми зерттеулер жүргізуге де шақырғанбыз.

Бұл жөнінде Еліміздің Президенті – Қ. Тоқаев мырзаға да және оның айналасындағыларға хабарлағанбыз. Олардың құлағына жеткеніне сенейік…

Денгенмен, мемлекет тарапынан ресми түрде хабарлама болмады.

Сонымен қатар, ерекше атап өтер болсақ, ол – Абылай хан қорымындағы 17 сарбаздың, қашық емес жерде жатқан 7 әулиенің бізге белгілі болуы. Толық мән-жайды астындағы бейнежазбалардан таныса аласыздар.

Толық оқу…

Тек тану және нәсіл туралы түсінік

Бұл мәселеге Ата жолы жазбаларында талданып, тылсымнан Раббымыздың үйретуімен аруақтар арқылы хабарлар келтіріп жазылғанмен оған қазіргі таңда мән беріп, оқып жатқан қазақ білімді қауымы әзірге көрініп жатқаны аз. Мұның басты себебі қазақтың сөз ұғымдарын ата-бабамыздан қалған аманат, мирас ар білімін түсіну үшін де сол деңгейлік рухани тазалық тақуалық керек, дегенмен де оны қазіргі таңда нәсілдік азғындыққа түскен ел билеуші, оқымыстылар ұғына алар емес.

Енді ақпараттық билік басында жүрген даналарымыздың пікіріне назар салып көрсек; «Бүгінгі күні қазақ деген ұлтқа “номад” деген сөз тіркесіп айтылып жүр. Тіпті оны қазақтың қосымша атауына айналды десек де артық айтпаспыз. Белгілі ғалым-антрополог, тарих ғылымдарының докторы Оразақ Смағұлдың пайымдауынша, бұл сөздің мән-мағынасын дұрыс түсінбей, орынсыз пайдаланып жүрміз.» «…Ал оның әу баста еуропацентристер ойлап тапқан жалған ұғым екендігін, өздеріне бағынуға тиіс халықтардың этномәдениетін мансұқтаған Орталық Азия елдерін отарлаушы империялардың жымысқы амалдарының бірі болғандығын ұмытқан сияқтымыз.

“Еуропа өктемшілдерінің “номад” терминіне үлкен саяси мән беріп, оны шамасы келгенше ғылыми айналымда мығым бекемдеуге ұмтылғанын естен шығарғандаймыз…»

Толық оқу…

Зікірде келген ғибратты үзік сырлар-18

Бұрын əжелеріміз айтатын қайғысыз  қара шəй ішкенге не жетсін  дейтін.   Қайғысыз қара шəй ішкенге  де семіресіңдер, деп сол бұрынғы əжелеріміз ашығын айтқан.  Ананың көңілі балада, баланың көңілі далада,  дегендей  тар құрсақты кеңейткен,  тас емшекті жібіткен,  тоғыз ай тоғыз күн көтеріп,  əлемнің жарығын силаған, түн ұйқыны төрт бөліп, бесік тербеткен, əлпештеп, аялап,  ақ сүт берген,  тəй тəй басқан қадамын адымдатып, аялап өсірген, бала десе ішкен асын жерге қоятын,   ішпей жемей баланың аузына тосатын,  ұл болсын, қыз болсын,  баланың ішкені менің ішкенім, баланың кигені менің кигенім деп,  талай ата ана;  соңымыздан ерген  ұрпағымыз,   өмірімнің жалғасы,  дегенді. Толық оқу…

Тылсымнан сұқбат.

Аруақтар берген сұқбат
Сəбилер кетті аяндап
Қазақтың келер бағы үшін!

2017 жылғы 17 қазанда Аруақтар берген сұқбат екен.

Рахымның көніп күшіне
Бояудың еніп түсіне
Жалғанның еріп ісіне
Іздеусіз жатқан бес жұлдыз
Кезеңнің ашып есігін
Тағдырдың тосып бесігін
Кезегін басып кешігіп
Сыр болып жатқан бес жұлдыз

 

 

Араға жыл салып… 08.02.2019 жыл.

Ай қарағым қарағым
Жеткізіп тылсым хабарын
Ашайын бір парағын
Зер салып сен қарағың!

Толық оқу…

Зікірде келген тарихтан үзік сырлар-17

Сабырлық, ақылдылық, батылдық, қайсарлық, естілік, аруақ үні, сабақты ине сəтімен, тең теңімен, ақ пен қара қатар жүреді əр нəрсенің қарсылығы болады. 1986 Жылдары шөлмек деген əр шаңыраққа жазбамен бере бастады. 1986 жылы қанды қырғын болды. 1987 жылдар 1996 жылдар аралықтары іспірт сатып, əйелдер жағы ашытып сатып, біреу байып, біреу жылап, əр шаңырақта арпалыс, шайқалыс, ажырасу дегендер көп болды. Толық оқу…

Зікірде келген тарихтан үзік сырлар-16

Түс аян əркімге əртүрлі кедергімен түс аян келеді, əртүрлі болады, кейбір адамдар бастырылып тұншығып қалады. Кейбір адамдар арпалыс түс көреді, кейбір адамдарға өлген адамдар кіреді, ондайда қорықпау керек, бірдеме айтады, айта алмайды сондайда кейбір адамдар қорқады, ал кейбіреулер жеті шелпек пісіріп жібереді де арты жақсылық болады. Толық оқу…

Зікірде келген тарихтан үзік сырлар-15

Жаз əлі де болса, тəлім тəрбие əр қазаққа жетіспей жатады, дəстүрімізді ұстай алмай, дінімізді сақтай алмай, имандылыққа бет бұра алмай, қалай киініп жүру мəнісін түсіне алмай, ашық шашық, бала шағаның ортасында үлкен жастағы əйелдер де қолтықтары ашық, мойындары ойық, іш киімдері көрініп тұрады. Қысқа етек, сөйлесе қалсаң денсаулық жоқ, деп қарап тұрады. Толық оқу…