- Діни уағыздарды тыңдай беруді тоқтату керек. Қазір не көп діннің атын жамылып уағыз айтқыштар, пәтуа айтқыш «діншілер» көбейіп кетті. Олар Құдайдан хабар алуды білмейді. Оның орнына өзіңді зертте, тануға әрекет жаса. Тегіңді таны, түбіңді ізде. Бабаларыңда қандай қасиет болған, ол қан, қасиет сенің бойыңда да бар. Тарих қойнауынан бүгінге жеткен бабалар дәстүріне мән бер, философиясын зертте, ізден. Өлім мен өмірдің қадыріне жет. Бабаларыңның Аруағына Алланың алдындағы тағзым ет. Олармен байланысудың, кітаптарына жалғануды меңгер, аянға жалған. Бұның бәрі бүгінгі күнге дейінгі жазылған Ата жолы жазбаларында айтылған. Құранның қазақшасын оқы… Кез келген ізгі амал тазалықтың жоғарғы дәрежесі Тақуалықтан бастау алады. Көрінгенге ілесіп әулие кезуді доғар, зиярат етудің талап –тәртібі сақталмаса ондай жерден жақсыны сұрап барып, жаманды ілім кетуің мүмкін.
- Ел билікке қарсы шығуды, оппазициялық бағытта ойлауды, сөз қылуды қысқарту керек. Олар да халықтың бір бөлшегі, халық ортасынан тірбиеленіп шыққан ұл мен қыз! Арандатушылардың сөзіне еріп, көшеге шығып (митинг) халықтың да берекесін алып, өзіңнің де берекеңді қашырудың қажеті шамалы екенін түсін. Оның есесіне Ата-баба аруағыңа бағыштап құрбандық шал, садақа бер. Олардың тылсымда бас көтеруі Ақ қуатқа айналып, елімізде жайлаған Қара қуатты ысыруға жәрдемі болады. Соның арқасында Ел билікте отырған арамза-жемқорларға (олардың отбасына, ұрпағына, өздеріне) сынақ түсіп, ұрлап тыққан дүниелерін халық жолында шашуға алып келеді.
- Соңғы кездері желілерде Елбасы – Н. Назарбаевқа ашықтан-ашық өлім тілеушілер көбейіп кетті. Ол өлгенімен қара жер тоя ма?! Басқан қадамың мен айтқан сөзің үшін жауап беретін уақыт бар, сол маңызды, осыны ойла… Өзгеге өлім тілегенше өзіңе өмір тіле, ұрпақ амандығын ойла…
Тек тану және нәсіл туралы түсінік
Бұл мәселеге Ата жолы жазбаларында талданып, тылсымнан Раббымыздың үйретуімен аруақтар арқылы хабарлар келтіріп жазылғанмен оған қазіргі таңда мән беріп, оқып жатқан қазақ білімді қауымы әзірге көрініп жатқаны аз. Мұның басты себебі қазақтың сөз ұғымдарын ата-бабамыздан қалған аманат, мирас ар білімін түсіну үшін де сол деңгейлік рухани тазалық тақуалық керек, дегенмен де оны қазіргі таңда нәсілдік азғындыққа түскен ел билеуші, оқымыстылар ұғына алар емес.
Енді ақпараттық билік басында жүрген даналарымыздың пікіріне назар салып көрсек; «Бүгінгі күні қазақ деген ұлтқа “номад” деген сөз тіркесіп айтылып жүр. Тіпті оны қазақтың қосымша атауына айналды десек де артық айтпаспыз. Белгілі ғалым-антрополог, тарих ғылымдарының докторы Оразақ Смағұлдың пайымдауынша, бұл сөздің мән-мағынасын дұрыс түсінбей, орынсыз пайдаланып жүрміз.» «…Ал оның әу баста еуропацентристер ойлап тапқан жалған ұғым екендігін, өздеріне бағынуға тиіс халықтардың этномәдениетін мансұқтаған Орталық Азия елдерін отарлаушы империялардың жымысқы амалдарының бірі болғандығын ұмытқан сияқтымыз.
“Еуропа өктемшілдерінің “номад” терминіне үлкен саяси мән беріп, оны шамасы келгенше ғылыми айналымда мығым бекемдеуге ұмтылғанын естен шығарғандаймыз…»
Зікірде келген ғибратты үзік сырлар-18
Бұрын əжелеріміз айтатын қайғысыз қара шəй ішкенге не жетсін дейтін. Қайғысыз қара шəй ішкенге де семіресіңдер, деп сол бұрынғы əжелеріміз ашығын айтқан. Ананың көңілі балада, баланың көңілі далада, дегендей тар құрсақты кеңейткен, тас емшекті жібіткен, тоғыз ай тоғыз күн көтеріп, əлемнің жарығын силаған, түн ұйқыны төрт бөліп, бесік тербеткен, əлпештеп, аялап, ақ сүт берген, тəй тəй басқан қадамын адымдатып, аялап өсірген, бала десе ішкен асын жерге қоятын, ішпей жемей баланың аузына тосатын, ұл болсын, қыз болсын, баланың ішкені менің ішкенім, баланың кигені менің кигенім деп, талай ата ана; соңымыздан ерген ұрпағымыз, өмірімнің жалғасы, дегенді. Толық оқу…
Тылсымнан сұқбат (15.02.2019ж.)
Аян беріп тылсымнан,
Құдіретімен Алланың,
Сыр сұхбатты бастайын,
Жол көрсетіп қарағым!
Алдамшы ғой бұл жалған,
Алданды талай пендесі,
Құлағандар қыр жардан,
Іздер күннің сәулесін!
Зікірде келген тарихтан үзік сырлар-17
Сабырлық, ақылдылық, батылдық, қайсарлық, естілік, аруақ үні, сабақты ине сəтімен, тең теңімен, ақ пен қара қатар жүреді əр нəрсенің қарсылығы болады. 1986 Жылдары шөлмек деген əр шаңыраққа жазбамен бере бастады. 1986 жылы қанды қырғын болды. 1987 жылдар 1996 жылдар аралықтары іспірт сатып, əйелдер жағы ашытып сатып, біреу байып, біреу жылап, əр шаңырақта арпалыс, шайқалыс, ажырасу дегендер көп болды. Толық оқу…
Зікірде келген тарихтан үзік сырлар-16
Түс аян əркімге əртүрлі кедергімен түс аян келеді, əртүрлі болады, кейбір адамдар бастырылып тұншығып қалады. Кейбір адамдар арпалыс түс көреді, кейбір адамдарға өлген адамдар кіреді, ондайда қорықпау керек, бірдеме айтады, айта алмайды сондайда кейбір адамдар қорқады, ал кейбіреулер жеті шелпек пісіріп жібереді де арты жақсылық болады. Толық оқу…
Зікірде келген тарихтан үзік сырлар-15
Жаз əлі де болса, тəлім тəрбие əр қазаққа жетіспей жатады, дəстүрімізді ұстай алмай, дінімізді сақтай алмай, имандылыққа бет бұра алмай, қалай киініп жүру мəнісін түсіне алмай, ашық шашық, бала шағаның ортасында үлкен жастағы əйелдер де қолтықтары ашық, мойындары ойық, іш киімдері көрініп тұрады. Қысқа етек, сөйлесе қалсаң денсаулық жоқ, деп қарап тұрады. Толық оқу…
Зікірде келген тарихтан үзік сырлар-14
Əйел заты ер адамнан кішірек болуы керек бетегеден биік, жусаннан аласа, деген сияқты қазақ халқында тəрбие жетіспей жатады. Қайырым қылу жоқ, жұқа адамға көмектесу сауап іс қандай жағдайда да имандылық қажет, намаз десе теріс түсінеді, намаз діннің тірегі иманның жүрегі əр қазаққа даналық сауапты іс. Толық оқу…
Зікірде келген тарихтан үзік сырлар-13
Жетелеген аруақ үні əр қазақты мазалап, түрткілеп жатқанда, мойындамай жүрген бауырларымыз қолды сілтей салған, жеті атасын білмейді де. кейбір шаңырақтан құран иісі шықпаған, құран оқылмаған, жеті шелпек дегенді білмейтіндеріміз де аз емес. Қасиетті бабаларымыздан тараған ұрпақпыз ғой, орта жастан асқан замандастарымыз да калима құран намаз дегенді аузына да алмайды. Жастарымыз орысша сөйлейді, деп өкпелейміз, оған тəрбие берер өзіміз кінəліміз үлкендер кінəлі. Жастарға тəрбие берер үлкендеріміздің де əлі ақылдары жетілмеген, дəйексіз ата баба тегін ұмытқан, руын білмейтін үлкендер де аз емес. Толық оқу…
Зікірде келген тарихтан үзік сырлар-12
Жаз мұқияттап, күннен күнге арсызданып əке шешені қарттар үйіне жетектеп апарып тастап, жаңа туған шарананы балалар үйіне апарып тастап жатқандар аз емес.Əке шеше қадірі бала қадірі қайда кетіп барады? Қыздарымыз шетелге кетіп шетелдіктерге тұрмысқа шығып, туған жерін, елін туған ата анасын, өлкесін тастап, жер асып, су асып сол шетелдіктердің біздің қазақ бозбалаларынан қай жері артық?Туған елдей ел болмас , туған жердей жер болмас. Балалар үйінен де мұхит асып ел асып кетіп жатқан бейкүнə сəбилеріміз қаншама? Сол бейкүнə сəбилердің де шетел асып жатқанын өздері де білмейді ғой. Толық оқу…