2019 жылғы 20-22 маусым аралығында Қабанбай батыр зиратын іздеуге шыққан топ, 22 маусымда кештетіп қол жеткізді. Қабанбай батыр зираты табылды. 10-13 қазан аралығында арнайы керуенмен шығып, Қабанбай батыр ауылында қара малдан құрбандық шалынып, ас беріліп, басына белгі қойылды.
Сонымен қатар, Бабамыздың айналасында (Қабанбай батыр қорымында) жерленген 32 сарбаздың деректері белгілі болды.
Қабанбай батыр бабамыздың зиратының дер кезінде табылуы еліміздегі билік транформациясының оңтайлы өтуіне қолдауын тигізді. Баба аруағының соңына ерген жауынгерлер аруақтары сапқа тұрып, халықтың толқуын басып, арам пиғылдылардың әрекетіне тосқауыл болды, қолдауын салды.
Төменде бейнежазбаларда сапар барысы жайында толық баяндалған.
Қабанбай батыр қорымындағы аруақтар дерегі:

Үстіміздегі жылы, яғни 2019 жылдың 17 тамызында Абылай хан бабмыздың зиратының табылғаны тұралы халыққа сүйіншілеген болатынбыз. Және тиісті орындарға хабарлама беріп, олардан арнайы мемлекеттік деңгейде тиісті тарихи, ғылыми зерттеулер жүргізуге де шақырғанбыз.