Төкен Әлжантегі
Атам әңгіме айтып отыр:
«Тым ерте замандарда бір қаһарлы хан болыпты, — дейді ол ойланған қалпында сақалын салалы саусақтарымен сауа, — Сол хан күндердің күнінде уәзірлерін, сарай маңындағы беделді адамдарын жинап алып:
– Мен бүгін түсімде не көрдім? Сендердің көреген әрі білгіш екендеріңе сенейін осыны табыңдаршы? – деп сұрапты. Былай деп және қосыпты:
– Егер осыны таба алмасаңдар құндарың қара бақыр. Бастарыңды аламын! Толық оқу…
Аруақтарға құран оқу
Аруаққа құран бағыштаудың сауабы туралы Рабғузидің «Қисса сүл-әнбиясында» мынадай аңыздар бар.
Ұлық Алла ешқашан, ештеңеден жаралмаған, әуелден бар зат еді. Әлемнің іші де, тысы да бір өзі. Әлемнен бөлек те емес, бірге де емес құпия қазына болатын. Тәңірі тағала түр-түсі, шет-шегі, бет-келбеті, салмағы, мекені болмайтын мәңгілік құбылыс. Құдай өзінің құпиясын ашып, рухани қазынасы мен шарапатын он сегіз мың ғаламға тарату үшін, өзіне орынбасар жаратуды ұйғарды. Сол кезде тау-тас, орман-ағаш, от-су, аспан-жер барлығы «Адамды менен жаратса екен» деп таласады Толық оқу…
Әруақтардың әлемдегі алатын орны қандай?
Әруақтардың әлемдегі алатын орны қандай?
«Әрбір кісі жақсылық үшін жаралған, сол жолды ұстаса бәле жаладан аулақ болады. « (Пайғамбарымыз Мұхаммедтен)
– Әруақ дегендер кімдер? Әлемдегі олардың алатын орны қандай? Олар адамдармен не себептен хабарласады?
– Олар басқа бір жан иелері емес, осы жерде, не болмаса болмыстың басқа әлемдерінде өмір сүрген жандар екені, олардың өздерінің тәндерін тастап, енді ғарыш кеңістігінде жүргендері анықталды. Әруақтардың арасынан өздерінің бұрынғы туысқандарын, достарын танығанда, олармен сөйлесіп, кім екендерін біліп, көптеген
дәлелдерді көргенде, бұған ешқандай күмән қалмайды. Әруақтардың тәні қалып, бірақ жандары рухтарымен әлі де болса бұрынғы кезіндей өздерінің жақындарын көріп-біліп, олардың арасында жүргендерін, оларға жақсылық ойлап, көмектескілері келетіні туралы айтатынын, бұған көптеген дәлелдерді өзім де көптеп келтіре аламын.
Абдулла қажы: «Әруақтар — Алланың әскері»
Дін саласында көп жыл бойы еңбек етіп келе жатқан ғалым Абдулла Жолдасты танымайтын қазақ жоқ шығар. Бүгінде Алматыда тұрып жатқан ғалымның Шымкентке келгенін естіп, қаладағы бірқатар қалталы азаматтар көпшілікке арнайы дастархан жайып, ол кісімен арнайы сұқбат ұйымдастырған болатын. Мәуліт мерекесіне орай ұйымдастырылған салиқалы әңгіменің үзіндісін назарларыңызға ұсынып отырмыз.
Авг, 2010
Таңғажайып жеті саны Жеті санымен аталатын керемет көп
Жердің жүзін мекендеген халықтардың көбісі ерте кезден-ақ жеті санында сиқырлық күш бар деп санаса, оны киелі, қасиетті деп ұғатын да ұлттар бар. Біздің ата-бабаларымыз да жеті санын қастерлеп, бірқатар таным-түсінігі мен табиғат құбылыстарын, аспан денелері мен заң, жүйелерді жеті санымен атайды. Аллаһ Тағаладан пенделеріне түскен қасиетті кітаптардың бірі – Тауратта жеті саны 500 рет қайталанады.
Қазақтардың таным — түсінігінде Жеті ата. Бұл – қазақ халқының дәстүрлі салт-санасында адамның ата жағынан тегін таратудың нақты жүйесі. Әрбір қазақ баласы өзінен бастап жеті атасының атыжөнін білуге міндетті. Мұны әке-шешесі, ата-әжесі үйретіп, жаттатуға тиіс.
Құдық ішіндегі құдірет
Түркістан қаласынан 60 шақырымдай жерде жергілікті халық әулиелі мекен санайтын Укаша ата сахабаның зияраты және қасиетті құдығы бар. Келушілер Укаша сахабаның ұзындығы 20-25 метрдей ұзын қабірінің басына дұға жасаған соң, осы арадан 700-800 метрдей қашықтықта, тау басындағы құдыққа барып, тереңдігі 30 метрге дейін жететін құдыққа қауға тастайды. Ырым бойынша, әулиенің құдіретіне күмән келтірген немесе ой-пікірі теріс адамға құдық бір тамшы су бермейді. Ал ниеті таза, ықыласы күшті адамның шелегі құр қалмайды.
Ұлылардың таңғажайып түстері Ол – ақиқат па, әлде аңыз ба?
Түстің мағынасы, оны жору сипаттары жөнінде фольклортанушы Ә.Диваев («Түстің баяны») пен ғалым Э.Б.Тайлор («Первобытная культура») жан-жақты зерттеу жүргізген болатын. Бұрын да, қазір де түстің мәнін ашуға ғылыми талпыныстар жасалғанымен, оның сыры толық ашылып отырған жоқ. Алайда «Пайғамбарлықтың қырық алтыдан бір нышаны» деп саналатын жақсы түс – болашақтың бағдары іспеттес. Оған тарихи ұлы тұлғалардың көрген түстерінің өңінде ақиқатқа айналуы нақты дәлел болар-лықтай…
Апр, 2010
Жеті қат жер астынан жеткен дауыс
Оқымыстылардың пайымдауынша, Жер өзін мекендейтін бүкіл тіріжандылар, оның ішінде сіз бен біз сияқты, тіршілік етеді. Жер де кей-кейде тірі организм сияқты ауырсынып, күрсінеді, ашуланып, бұлқан-талқан болады.
Геологтар жазып алған тозақ үні
1980 жылдары бұрынғы Кеңес Одағында оқымысты-геологтар жерді 12 шақырым тереңдікке дейін бұрғылап, тозақтың тура үстінен түскені туралы естіп пе едіңіз? Естімесеңіз айтайық, кеңестік бұрғышылар скважинаға микрофон байлап түсіріп, тозақы болған миллиондаған адамдардың қорқынышты дауыстарын жазып алған. Жақында осы дыбысжазбаны біз де өз құлағымызбен естідік. Бұрғышылардың жеті қат жер астынан жазып алған даусынан шынымен де миллиондаған адамдардың қинала шыңғырып, шуласып жатқанын тап-таза естисіз. Еріксіз денеңіз түршігеді.
Құмыра адамша сөйлей ме?
Жаңа технологияның дамуымен бірге археология- тарих ғылым ерекше бағыт алып барады. Жақында Орал қаласында баспасөз мәслихатын өткізген археолог ғалымдар таңғажайып жаңалықты жария етті. Қазақстанда тұңғыш рет палеофонографиялық және стереофотограмметриялық технология әдісімен бұдан 670 жыл бұрын шыққан дауысты қайта есту мүмкін болған!
Еділ мен Жайық арасы — ортағасырлық Алтын Орда хандарының емін – еркін көшіп – қонған құтты қонысы. Батыс Қазақстан облысындағы Жаңақала ауданы аумағында жатқан Мұқыр (қазір Айдархан) қонысы археологтардың көзіне ертеден -ақ түскен Алтын Орданың дәуірлеген заманында,Өзбек пен Жәнібек хандардың билеген кезінде (1320-1350 жж) пайда болған қорымды оралдық археолог ғалымдар Ғ. Кушаев пен В. Железчиков 1974-1975 жылдары бастап зерттеп, екі жыл ішінде 17 қорғанды қазған екен. Сол қорғанның бірінен табылған құмыра қазір Дариян ауылындағы Шолохов музейінде сақтаулы тұр.
Таңғажайып жаратылыс
Ол бір тамшы судың ішінде миллиондап өріп жүрген түр- тұрпаты ерекше, құйрықты «итбалықтарды» көріп таң – тамаша болған еді.Есін жиған соң, «микро- мақұлықтарға» «сперматозойд» деп ат береді.Мағынасы: «жануарға ұқсас ұрық». Микроптың сиқырлы шишасы дамыған сайын, ұсақ ұрықтың да бұрын- соңды беймәлім болып келген қызықты қыр- сырлары айқындала түсті…
Мәселен, ортағасырлық дәрігерлерге сперматазойд сақталатын «жұмыртқа» өте жұмбақ тұғын.Әркім әртүрлі болжам жасаған. «Медицинаның атасы» — Гиппократ, екі жұмыртқаны; «оң жақтағысы ер бала шығатын ұрықты сақтайды, сол жақтағысынан қыз бала жарық дүниеге жолдама алады» деп топшылапты…Алайда, медицина дамыған Ұлы Шебер Жаратушы Құдайдың адамды жасаған сыры ашыла түсіп, өз болмысымыз өзімізді таңғалдыра түсті.